АМӨЗ серіктестеріне 2 млрд теңге айыппұл салынды

АМӨЗ серіктестеріне 2 млрд теңге айыппұл салынды
фото: dynasty.kz
(0 Votes)

Облыс прокуратурасы өңір экономикасын демонополизациялау бойынша дәйекті жұмыс жүргізуде. 

«Joint Technologies» ЖШС-нен «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС (бұдан әрі-Парк) үлесінің 50% сатып алу-сату шарты бойынша ерекше талаптарды бұзғаны үшін бюджетке 1,7 млрд теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы өндірілді.

Сондай-ақ, бәсекелестікті қорғауды бұзғаны үшін Парк сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 324 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бұған дейін прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 5,7 млрд теңгеге 50% үлес түріндегі мүлік мемлекетке қайтарылған болатын.

Атырау облысының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT