Ауа райы жағдайының күрт өзгеруіне байланысты әлсін-әлсін бірнеше бағыттар бойынша республикалық және жергілікті маңызы бар тас жолдар жабылуда. Қыс мезгілінде бізді әр қадам аттаған сайын түрлі қауіптер күтіп тұрады. Екпінді жел борандары, ауа температурасының құбылмалылығын және жолдардағы көктайғақ пен мұз басулар сақтық шараларын күшейтуді талап етеді.
Қыс кезеңінде сақтанбаса, жол-көлік оқиғасы орын алады. Сондықтан төтенше жағдайлардың алдын алу үшін ескерту жасау - адам шығынын болдырмау бағытында атқаратын жұмыстарының бір бөлігі.
Азаматтар қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтағанда ғана көп оқиғаларды болдырмайды. Өйткені кез келген қауіп-қатермен күресудің ең жақсы құралы өз бетімен іс-қимыл жасамай, біреуге сенбей, азаматтардың қауіпсіздігіне жауапты мемлекеттік органдардың ескертулеріне құлақ асу. Немесе қиын жағдайға тап болған сәтте көмекке келер мамандарды шақыру үшін 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалуды ұмыт қалдырмаңыз.
Жалғыз адам табиғаттың қауіпті апаттарына қашан да әлсіз болады. Өзіңнің ұқыпсыздығыңнан немесе немқұрайлығыңнан өзіңе жақын адамдардың қиын жағдайға түсіп, кейін өкінбейтіндей, алдын ала қажетті іс-шараларды қолдану дұрыс.
А.Избасов,
облыстық ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық
құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің
аудандық № 8 өрт сөндіру бөлімінің аға шебері а/қ старшинасы