Жастар арасында квест ойыны кең таралып келеді. Біліктілікті талап етер ойын таяуда Жамбыл облысында «Тарихы терең - Таразым» атауымен өтті.
Республикалық квест ойыны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.
Квест ойынына өңірлерден 9 команда қатысты. Оның ішінде Атырау командасы да бар болатын.
Атыраулық жастардан құралған команда құрамында аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Алтынгүл Есенаманова да бар болатын.
Ойын жалпы қаланың ішіндегі белгіленген 8 нүктеге бөлінді. Әр нүктеде 65 тапсырмадан берілген. Тапсырмалардың негізгі бөлігі Жамбыл облысының және Қазақстан тарихынан, мәдениетінен, спорт саласынан түрлі сұрақтарды қамтыды.
Тарихтан сыр шерткен ойын нәтижесі бойынша ең үздік танылған Атырау жастарынан құралған команда бас жүлдеге ие болды. Осы жарыста Түркістан жастары 1-орын, Алматы облысы-2 орын, Ақтөбе облысы құрама командасы 3-орынды иеленді.
А.ТАУМҰРЫНОВА