Әлеуметтік саладағы қолдауды жетілдіру – бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі. Зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы отбасыларға көрсетілетін көмекті арттыру – ел бірлігін нығайтып, халықтың тұрмыс сапасын жақсартудың басты кепілі.
Президенттің Жолдауында осы бағытта нақты шаралар айқындалды. Бұл бастама барша тұрғындарға тең мүмкіндіктер жасап, әлеуметтік әділеттілікті арттыруға бағытталған маңызды қадам деп есептеймін.
Аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі ретінде бұл Жолдауды зор үмітпен қабылдап, толық қолдайтынымды білдіремін. Осындай қолдау арқылы халықтың әл-ауқаты өсіп, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық қамтамасыз етілетіні сөзсіз.
Ш.Ищанғалиев,
ардагер