Әлемдік БАҚ әлеуметтік желілерді пайдалануы

(0 Votes)

Әлемдік БАҚ өзінің аудториясын жоғалтып алмау үшін және оның көлемін ұлғайту үшін әлеуметтік желілерді кеңінен пайдаланады.

Әлемдік БАҚ

Facebook желісіндегі оқырмандар саны

Instagram желісіндегі оқырмандар саны

Youtube желісіндегі оқырмандар саны

BBC News

51 млн.

12.5 млн.

7.3 млн.

CNN

32 млн.

11 млн.

9.4 млн.

NYTimes

17 млн.

8.6 млн.

2.7 млн.

The Guardian

8.6 млн.

3 млн.

1 млн.

Financial Times

3.9 млн

1.9 млн.

434 тыс.

 

Ал біздің отандық БАҚ өкілдерінің кейбірі өздерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларын белсенді түрде жүргізіп келеді.

 

Отандық БАҚ

Facebook желісіндегі оқырмандар саны

Instagram желісіндегі оқырмандар саны

Youtube желісіндегі оқырмандар саны

Nur.kz

307 тыс.

765 тыс.

22.6 тыс.

Tengrinews

86 тыс.

1.5 млн.

450 тыс.

Zakon.kz

72 тыс.

335 тыс.

-

Седьмой канал

14 тыс.

306 тыс.

1.8 млн.

Qazaqstan

80 тыс.

459 тыс.

1.5 млн

Informburo.kz

55 тыс.

123 тыс.

1.23 млн

КТК

47 тыс.

332 тыс.

434 тыс.

Хабар 24

20 тыс.

233 тыс.

676 тыс.

Kazakh TV

8 тыс.

11 тыс.

110 тыс.

 

Әлемдік БАҚ өкілдерінің көп бөлігі әлеуметтік желілерді өз танымалдығын арттыру үшін ғана падаланбайды. Сонымен қатар, монетизация үшін де, мысалы оқырман мақаланың толық нұсқасын сұраған жағдайда жазылым үшін толық төлем жасауды сұрайды.

 Әлемдік БАҚ әлеуметтік желілерде ақпарат өнімдерін насихаттаудың негізгі әдістері

  • Әлеуметтік желілердің ерекшелігіне қарай контентті бейімдеу;
  • Сауалнама жүргізу және аудиториямен кері байланыс;
  • Мультимедиялық өнімдерге баса назар аудару;
  • Контентке оқырмандардың географиясы, жас ерекшелігі мен қызығушылықтары бойынша таргеттеу жүргізу;
  • Жаңалықтар лентасында шығарылымдарды бекіту және олардың іздеу функциясын оңтайландыру.

Әлеуметтік желілердің ерекшелігіне қарай контентті бейімдеу

Әлемдік БАҚ әлеуметтік желілерді негізінен «шұғыл және маңызды жаңалықтарды» тарату үшін пайдаланады. Дәлел ретінде, «шұғыл және маңызды» белгісі бар жаңалықтардың оқылымы 57% көрсеткішін көрсетсе, бұл басқа жаңалықтар категориясымен салыстырғанда жоғары көрсеткіш[1].

Сонымен қатар, әлеуметтік желілердің бір ерекшелігі жаңалықтарды жариялаған кезде оның одан әрі даму тарихын қосу функциясының бар болуы. Facebook мәліметтеріне сәйкес жаңалықтар редакциялары аз уақыт аралығында бірнеше жаңалықтартізбегін жариялауы мүмкін. Бұл уақытта аудиторияның белсенділігі 10 пайызға ұлғаяды. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде БАҚ ресми ресурстарында жарыққа шықпайтын «эксклюзивті» контент жариялнады.

Сауалнама жүргізу және аудиториямен кері байланыс

БАҚ өз аудиториясымен кері байланысты орнату және сауалнама жүргізу үшін әлеуметтік желілерді кеңінен пайдаланады. Мысалы, орын алған жағдайлар туралы пікірлер мен жарияланып жүрген мақалалардың сапасы туралы ақпаратты білу үшін сауалнамалар жүргізіледі.

Сонымен қатар, оқырмандарда тікелей немесе пікірлер қалдыру арқылы БАҚ редакциясына сұрақ қою мүмкіндігі бар. Facebook ұсынған мәліметтерге сүйенетін болсақ, БАҚ парақшаларында оқырмандар сұрақтарына жауаптар көрсетілген посттар басқа посттарға қарағанда 14% көп пікір мен кері байланыс жинайды.

Мультимедиялық өнімдерге баса назар аудару

Бағдарламалық қамтамасыз ету қызметтерімен айналысатын америкалық HubSpot компаниясының мәліметтеріне сәйкес фотосуреттері бар посттар фотосуреттер пайдаланбаған посттарға қарағанда +50%  «ұнайды» белгісін алады. Әлемдік бұқаралық медиа стандартты кескіндемелермен қатар, графиканы, карикатураны және аудитория назарын аударту үшін анонстық қысқа видеоларды да пайдаланады.

Ескере кететін жайт, видеолар мобильді телефонмен көру үшін бейімделген. Мысалы, «сторис» үшін фотолар мен видеолар толықэкранды вертикалды форматқа түрлендіріледі.

Контентке оқырмандардың географиясы, жас ерекшелігі мен қызығушылықтары бойынша таргеттеу жүргізу

БАҚ мақалаларды жариялаудың тиімділігі жарияланған мақалаға қызығушылық танытқан оқырмандар санымен тікелей байланысты. Сол себепті БАҚ жарияланған мақалаға парақшаның оқырмандары болып саналмайтын пайдаланушылардың елі/қаласы, жас ерекшелігі мен кәсіби/жеке қызығушылықтарына қарай таргеттеу жүргізеді.

Жаңалықтар лентасына қызығушылық танытатын аудитория үшін арнайы жарнамалық постар қолданылады. Мысалы, БАҚ әлеуметтік желісіндегі парақшаларына жазылмаған Нью-Йорк қаласының жас тұрғындарының әлеуметтік парақшаларына жарнама ретінде белгілі бір посттар келуі әбден мүмкін.

Жазылған пікірлер сараптамасы негізінде («ұнайды» белгілеулері, пікір алмасудың көлемі) жазылған мақаланың мазмұны бейімделіп, оқырмандардың пікірлерімен аз мөлшерде қамтылған мақалалар жаңалықтар лентасынан алынып тасталады.

Жаңалықтар лентасында шығарылымдарды бекіту және олардың іздеу функциясын оңтайландыру

Әлеуметтік желідегі парақшаның танымалдылығын арттырудың ең тиімді тәсілі – іздеу функциясын оңтайландыру. Сол себепті, профильде БАҚ парақшасына сипаттама және бұл сипаттама оқырмандардың ең жиі сұрау салуларымен сәйкестігі өте маңызды.   

Көптеген БАҚ маңызды мақалаларды жаңалықтар лентасында бекіту мүмкіндігін жиі қолданады. Бұл оқырмандар тарапынан парақшаға деген қызығушылықты ұлғайтады.

Нәтиже

БАҚ аудиториясын сақтап қалу және ұлғайту үшін әлеуметтік желілердлі пайдалану ең тиімді тәсіл болып саналады.

Контенттің әлеуметтік желілер талаптарына сәйкес ыңғайлануы, мультимедиялық контенттің ұлғаюы, аудиториямен кері байланыстың орнауы Интернетте ақпараттық өнімдердің сұранысқа ие болуына алып келеді. Бұл дегеніміз БАҚ танымалдылығының артуы.

Оқырмандардың мүдделері бойынша материалдарға нүктелік таргеттеу жасау және іздеу функциясын оңтайландыру мақсатты аудиторияға қажетті ақпаратты жеткізуге және БАҚ бейімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT