«Alem.cloud» жұмыс ережесі қабылданды

«Alem.cloud» жұмыс ережесі қабылданды
Сурет: rus.baq.kz
(0 Votes)

Премьер-министр Олжас Бектенов төрағалық ететін Цифрлық штаб Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында қойылған міндеттерді жедел әрі жүйелі түрде жүзеге асыру жұмысын жүргізіп жатыр.

Штаб бірыңғай цифрлық экожүйе қалыптастыруға, креа­тив­ті индустрияны дамытуға, IT-стартаптар мен жоғары оқу орындарын қолдауға бағытталған бірқатар шешім қабылдады. Осыған орай бірқатар мемлекеттік органға тапсырма жүктелді.

Яғни Қаржы, Ұлттық экономика, Жасан­ды интеллект және цифр­лық даму министрлік­тері жергі­лікті атқарушы орган­дармен бірге, «Astana Hub халық­ара­лық IT-стар­таптар технопаркі» кор­пора­тивтік қорын өңір­лік инно­вация­лар және кәсіпкер­лік орта­лығы ретінде нығайту үшін осы жылғы 10 қарашаға дейін ақ­параттық-коммуникациялық тех­­­­но­логия­лар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесі ке­ңейтіледі.

Азаматтар үшін қолайлы әрі қауіпсіз цифрлық орта қалып­тастыру мақсатында мемлекеттік органдар мен оларға ведомство­лық бағынысты ұйымдар жеке мобиль­­ді қосымшаларды әзірлеуге ты­­йым салуы және олардың тек eGov және Aitu платформаларын­да жүзеге асырылуы қамтамасыз етіледі.

«Alem.cloud» ұлттық суперкомпьютер орталығында есептеу ресурстарын бөлу қағидалары бекі­тіліп, содан кейін тиісті нор­матив­тік құқықтық акт әзір­ленеді. Ғылым және жоғары білім ми­н­истрлігі қолданыстағы тетік­­тер шеңберінде ЖОО-ларға қол­дау көрсетуді қамтамасыз етеді.

Цифрлық штабтың шешімі­мен мемлекеттік органдарға Astana Hub IT-стартаптар технопаркі қызметінің басым түрлерінің тіз­бесіне мультимедиа, ойындар­дың дизайнын жасау мен басып шығару, бағдарламалық қамта­масыз етуді енгізу, сүйемел­деу мен түрлендіру, киберспорт сала­сын­дағы қызметтер сияқты таны­мал бағыттарды қосу тапсырылды. Бұдан басқа, аталған тізбе ҚР рези­денті еместерге бағдарла­малық ­қам­туды пайдалана отырып, биз­нес-процестер аутсорсингі, ағыл­шын тілін оқыту сияқты қыз­мет­термен толықтырылды. Қызметтер аясын кеңейту Astana Hub-тың жаһан­дық технологиялық қоғам­дас­тықты тарту орталығы ретіндегі ұстанымын күшейте түседі.

Ыңғайлы әрі қауіпсіз цифрлық ор­таны қалыптастыру мақсатын­да бар­лық мемлекеттік мобиль­ді сервис­тер SuperApp қағида­ты бо­­йынша eGov және Aitu экожүйе­лері­не ке­зең-кезеңімен біріктіріл­мек. Ин­те­гра­ция мобильді қо­­сым­­­­ша­­лардың бытыраңқылық мә­се­­­­ле­сін жояды, үдерістерді жедел­­­­­­де­­теді әрі халыққа мемле­кет­тік қыз­­­мет­тер көрсету сапасын арттырады.

«Alem.cloud» суперкомпьютер­лік орталығының есептеу ресурс­тарын бөлу ережелерін бекіту Astana Hub стартаптары, ғылы­ми ұйымдар мен университеттер, мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағыныс­ты ұйымдары, сондай-ақ шетел­дік компанияларды қоса алған­да, жеке сектор жобалары үшін жоғары өнімді қуаттарға қол жеткізудің нақты әрі айқын тетігін қалыптастырады.

«Alem.cloud» қуатын пайда­лануға берудің басым бағыттары жа­сан­ды интеллектінің ұлттық даму мін­деттерін ескере отырып анық­тала­ды әрі білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруа­шылығы, сумен жаб­дықтау, мем­лекеттік басқару, мұ­най-газ саласы, тау-кен металлу­р­гия кешені, энергетика, геология­лық барлау, көлік және логистика, өнер­кәсіп, құрылыс, роботтехника мен тағы да басқа салаларды қамтиды.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT