Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында жер қойнауына қатысты мәліметтерді цифрлық форматқа көшіру мәселесі маңызды бағыт ретінде айқындалды. Бұл – еліміздің ресурстық әлеуетін тиімді басқаруға және экономикалық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған өзекті қадам.
Заманауи технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу арқылы геологиялық деректерді жылдам әрі дәл талдау мүмкіндігі туады. Бұл тек ақпарат сапасын арттырып қана қоймай, басқару процесін де жеңілдетеді. Сонымен қатар, ашықтық пен әділдік қамтамасыз етіліп, жемқорлық тәуекелдері азаяды, инвесторлар үшін сенімді орта қалыптасады.
ЖИ технологиясы барлау, өндіру, экологиялық болжау және ресурстарды тиімді пайдалану салаларында үлкен пайда әкеледі. Бұл бастама – еліміздің табиғи байлықтарын ел игілігіне айналдыруға бағытталған стратегиялық қадам.
Ж.Мырза,
Кент тұрғыны