Елімізде соңғы үш жылда жергілікті билік, атап айтар болсақ, ауыл әкімдерін сайлау пилоттық жоба негізінде жүзеге асуда.
Бұл туралы Мемлекет басшысы бүгінгі Бурабай қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда да айтып өтті.
Соның негізінде биылдан бастап барлық аудан әкімдері мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін тікелей дауыс беру арқылы халық сайлайтын болады.
Бұл елімізді одан әрі нығайту жолында жасалып жатқан істердің бірі деп білемін.
Өйткені қоғамды демократияландырудың маңызды институты ол - сайлау екені белгілі.
Шаяхмет Ищанғалиев
Аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі