Айыпты 60 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды

(0 Votes)

Мақат ауданының тұрғыны есірткіге қатысты істе айыптылығы Қазақстан Республикасының ҚК-тің 296-бабының 1-бөлігімен  анықталып, сот шешімімен аудандық пробация қызметінің есебіне алынды. Оған сот үкімімен 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалған.

Ол жұмыссыз болғандықтан, кент әкімінің өкімімен күніне 8 сағат қоғамдық орындарды абаттандыру, тазалау жұмыстарын атқарып,  жазасын өтеді.

«Өткен жылы да мәжбүрлі еңбекке бірнеше азамат тартылды. Олар күніне 4 сағаттан  жергілікті әкімдік белгілеген орындарда көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын атқарды. Таяуда осы бір азамат қоғамдық жұмысқа тартылып, жазасын өтеп шықты», – деді аудандық пробация қызметі тобының инспекторы Ермырза Теміртасов.

Жалпы аудандық пробация қоғамдық жұмыс тағайындалған азаматтарды қадағалайды.

Жалпы, қоғамдық жұмыстармен айналысудан бас тартқан сотталғандарға  жаза шарасы өзгертіледі.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT