Аймақ басшысы: Атырау газ -химия өндірісінің орталығына айналу керек

Аймақ басшысы: Атырау газ -химия өндірісінің орталығына айналу керек
(0 Votes)

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында: «Қазірде құрылысы қарқынды жүріп жатқан Атыраудағы газ-химия кешені – бұл нағыз стратегиялық нышан» деп ерекше атап өтті. Бұл сөздің астарында еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының жаңа кезеңіне деген нақты бағдар жатыр.

Ал, аймақ басшысы Серік Шәпкенов біздің өңір газ -химия өндірісінің орталығына айналу үшін қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Бүгінде «Ұлттық индустриалды мұнай химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында ірі жобалар іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, полипропилен, полиэтилен және бутадиен өндірісі қолға алынған.

Бұл жобалардың маңызы зор. Біріншіден, тұрақты шикізат көзін қамтамасыз етеді. Екіншіден, өнеркәсіптік өсімге жаңа серпін береді. Сонымен қатар мыңдаған жаңа жұмыс орнының ашылып, өңірдің және елдің экономикалық қуатын арттырады.

Мемлекет басшысының мұндай бастамаларға айрықша назар аударуы да тегін емес. Өйткені, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мұнай-химия өнімдерін терең өңдеген елдер ғана жоғары қосылған құнды өнім шығарып, тұрақты дамуға қол жеткізуде.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT