АЭС салу мәселесіне байланысты Атырауда референдум өткізуге дайындық басталды

АЭС салу мәселесіне  байланысты Атырауда референдум өткізуге дайындық басталды
фото: e-cis.info
(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі №636 «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізу туралы» Жарлығына сәйкес 2024 жылғы 6 қазанға республикалық референдум тағайындалды. 

Республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу тәртібін 1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық заңы айқындайды.

Конституциялық Заңның 20-бабына сәйкес референдумды әзірлеу мен өткізуді: референдумның орталық комиссиясының функцияларын орындайтын ҚР Орталық сайлау комиссиясы; референдумның аумақтық комиссияларының функцияларын орындайтын ҚР аумақтық сайлау комиссиялары; референдумның учаскелік комиссияларының функцияларын орындайтын учаскелік сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

Қолданыстағы заңнама нормалары негізінде ҚР Орталық референдум комиссиясының 2024 жылғы 3 қыркүйектегі №38/42 қаулысымен республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.

Атырау облысында 9 аумақтық, 274 учаскелік референдум комиссиялары, оларда барлығы 1974 комиссия мүшелері бар. Референдум комиссиялары мүшелерін оқыту семинарлары ұйымдастырылатын болады. Өңірде 274 референдум учаскелері бар, олардың 11-і жабық учаскелер (ауруханалар, уақытша ұстау изоляторы, әскери бөлімше).

Облыста 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдаймен республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 391 937 азамат тіркелген.

Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін тиісті жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) дауыс беруге арналған нақты учаскенің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркеу негізінде жасайды.

Тұрғылықты жері деп тұрақты тіркеу орны түсініледі. Уақытша тіркелген азаматтар тізімге өздері берген өтініш негізінде ғана енгізілуі мүмкін.

Аталған құқықты іске асыру үшін референдум өткізуді ұйымдастыру кезеңінде жергілікті атқарушы органдарға азаматтарды учаскедегі азаматтар тізіміне енгізу туралы хабардар ету үшін онлайн сервистер, Call-орталықтар, интернет-ресурстар ұйымдастыру ұсынылды.

Референдумның әрбір учаскесі бойынша республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін тиісті әкім дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын, яғни 15 қыркүйекте акт бойынша референдум комиссиясына ұсынады.

Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған референдум учаскелері бойынша республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда, яғни 20 қыркүйектен бастап тиісті комиссиялар азаматтарға танысу үшін ұсынады. Азаматтарға тиісті учаскелік комиссиялардың үй-жайларында тізімдермен танысу, сондай-ақ оларға енгізілген өздері туралы деректердің дұрыстығын тексеру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Үгіт референдум тағайындалғаннан кейін басталып, дауыс берілетін күннің алдындағы күні 00:00 сағатта, яғни 2024 жылғы 4 қазан сағат 00-00-де аяқталады (референдумның алдындағы күні және референдум өткізілетін күні үгіттеу жүргізуге тыйым салынады).

Аумақтық референдум комиссияларының atyrau.gov.kz интернет-сайтында үгіттік баспа материалдарын орналастыруға бөлінген орындар тізбесі жарияланған.

Референдум комиссияларының құрамдары, орналасқан орындары, жұмыс уақыттары, референдум учаскелерінің шекаралары туралы ақпараттар 2024 жылдың 5 қыркүйегіне дейінгі мерзімде облыстық газеттерге және аумақтық референдум комиссияларының интернет-парақшаларында жарияланатын болады.

Учаскелік референдум комиссиясы дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды 2024 жылғы 25 қазаннан кешіктірмей хабардар етеді (дауыс беру күніне кемінде он күн қалғанда).

Референдумда дауыс беруді өткізу уақыты, орны, ұйымдастырылуы мен тәртібі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген ережелерге сәйкес айқындалады.

Егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, учаскелік референдум комиссияларымен дауыс беру күні 6 қазанда сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.

Дауыс беру қорытындылары Орталық референдум комиссиясының отырысында шығарылады.

Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясы

тел. 529440

интернет-сайт: atyrau.gov.kz

Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT