АЭС электр энергиясы тапшылығын жояды

АЭС электр энергиясы тапшылығын жояды
Суреттерді түсірген автор
(0 Votes)

Атом электр станциясы – күнделікті өмірде қолданып жүрген электр энергиясын алудың тиімді бір жолы. Қазіргі заманауи технологиялар энергияны көп қажет ететіндіктен бұл саланы зерттеу де маңызды мәселеге айналды. Жасыратыны жоқ, бүгінде қала шаруашылықтарының энергетика, көлік инфрақұрылымдарының әбден тозығы жеткен. Оларды жаңартып, жандандыру үшін ең алдымен электр қуаты қажет. Елімізде сол қуат жеткілікті болуы үшін энергия өндіретін әртүрлі станция керек болады.

Бұл туралы АЭС құрылысын салуды қолдау жөніндегі Атырау облыстық халықтық штаб өкілдерінің «Атырау-Жарық» АҚ ұжымымен кездесуінде атап айтылды.

«AMANAT» партиясы Атырау обылсы филиалы ұйымдастырған басқосуға ақпараттық үгіт-насихат жұмысы тобының мүшелері – техника ғылымдарының докторы Бекет Кенжеғұлов, Атырау қаласы мәслихатының депутаттары – Қаршыға Жауымбаев, Ақылбек Құлбарақов, Қазақстан халық партиясының өкілі Людмила Кубентаева қатысып, 6 қазанда өтетін республикалық референдумның маңыздылығын айтты.

–Қазақстанда атом электр станциясын салу – елдің энергетикалық қауіпсіздігі үшін берік негіз, бұл станциялар экологиялық жағдайды жақсартады, электр энергиясындағы бағаны тұрақтандырады және технологиялық даму мен өнеркәсіптік өсу жолындығы маңызды қадам болмақ. Сондай-ақ Қазақстанда АЭС құрылысын жүргізер болсақ, тасымалданатын жарықтан құтылып, экологияға зияны жоқ жасыл елге айналамыз. АЭС жобасы көп күш пен уақытты талап етететін маңызды, жауапты іс. Елімізде АЭС салынса, ауыл-аймақтағы тұрғындар да тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі, — деді Б.Кенжеғұлов.

Жиын барысында энергетиктер «АЭС-тің қандай қауіптілігі болуы мүмкін?» «Құрылысы жоспарланған ел мен аймақ үшін АЭС-тің пайдасы қандай?»,»Атом электр станциясын салуға қанша уақыт кетеді?» деген сауалдарын ортаға салып, талқылады.

Бүгінде электр энергиясының тапшылығын, көмір генерациясына тәуелділікті төмендетуді, сондай-ақ өндіріс қуаттылығының тозғанын, елдің атом энергетикасына деген потенциялын ескеріп, Қазақстанда АЭС салуды қолдаған жөн. Энергетиктермен кездесудің негізгі түйіні де осы болды.

Тоғжан ЕРМЕК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521