2025 жылдың 14 наурызында Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамның өзекті мәселелерін қозғап, елдің болашағына қатысты маңызды бағыттарды айқындады.
Президенттің басты назар аударған мәселелерінің бірі:
Әділетті қоғам құру: Тоқаев әділеттілік қағидаларын нығайту арқылы қоғамдағы сенімді арттыру қажеттігін атап өтті. Бұл ретте, заң үстемдігін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту маңызды екенін айтты.
Қорыта айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бурабайдағы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзі елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының негізгі бағыттарын айқындап, қоғамның барлық саласында жаңғыру қажеттігін көрсетті деп ойлаймын. Бұл бастамалар Қазақстанның тұрақты дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадамдар болып табылары сөзсіз.
Гүлзада Жанғазиева
Аудандық сот әкімшісінің аға сот приставы