Бәсекеге қабілетті мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуында мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігімен қатар, олардың әдептілігі де маңызды, себебі әдептілік мемлекеттік қызметтің басты ұстанымдарының бірі болып табылады.
Мемлекеттік қызметші өз қызметінде іскерлік қасиеттері мен мінез-құлық қағидаларын реттейтін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін қатаң сақтауы тиіс. Кодекске сәйкес мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілердің өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы, әділдігін және ашықтығын қамтамасыз ету, жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілікті және ресми мінез-құлық қағидаларын ұстану қажет.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта да, соның ішінде әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, өзге желі пайдаланушылармен сөйлесу кезінде сыпайылық танытуға, шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттарды таратпауға, өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға міндетті.
Мемлекеттік қызметкершілердің жұмысына баға беретін халық. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші ең әуелі халыққа қызмет ететінін естен шығармай, өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы, әділдігін қамтамасыз етуге, өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан сынға ұшырамауға, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмеу керектігін назардан шығармауы тиіс.
Б.Әбуов,
Мақат аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл