Адамгершілік – мемлекеттік қызметшінің абыройы

(0 Votes)
https://www.gov.kz

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып қалыптасып келеді.

Мемлекеттің ірге тасын қалау, құру, қалыптастыру бағытындағы ең жауапты қызмет мемлекетік қызметшілерге жүктелді.

Қай мемлекеттік қызмет саласы болса да, мемлекеттік саясатты жүргізетін орган болғандықтан кәсіби білікті кадрлары арқылы саланың заман талабына сай тез дамуын, уақытпен бірге жүріп отыруын қамтамасыз етеді, даму деңгейінің көрсеткішін жасайды. Екінші жағынан, мемлекеттік қызмет саласы – халықпен тікелей байланыстағы қызмет екенін ескерсек, тек кәсіби маман болып қана қоюдың жеткіліксіздігі, оған қосымша халықпен араласу, қатынас жасай білу мәдениетінің қалыптасуының маңыздылығын арттырады.

Мақат ауданы әкімдігі бойынша мемлекеттік қызметшілер саны 73 бірлікті құрайды. Ал қазіргі уақытта нақты 70 қызметкер өз қызметін атқарып отыр. Аудан әкімдігінде 3 мемлекеттік қызмет орны бос. Бүгінде жыл басынан бері бос орындарға 25 конкурс жарияланып,  4 жаңа жас мемлекеттік қызметшімен толықты.

Сол сияқты, 2022 жылы өз қызметін адал атқарған 4 мемлекеттік қызметші атқарған лауазымдарынан жоғары лауазымдарға тағайындалды.

Білімділік, біліктілік, жоғары моральдық-этикалық бейне, адамгершілік – әрбір мемлекеттік қызметшінің бойында үйлескен жағдайда мемлекеттік қызметшінің «жоғары имиджі» жасалады, осындай имидж мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге тікелей жол ашады.

Әрбір мемлекеттік қызметшінің өз жұмысына жеке басының жауапкершілігі мен тәртібі - әрбір қоғам мүшесінің мемлекетке деген көзқарасын, сенімін қалыптастыратынын жақсы түсініп, «Өзің де жан - өзгені де жандыр» - деген қағиданы ұстанса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

 

Мақат ауданы әкімінің аппараты

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521