8 сотталған тұрғын кері түрмеге қамалуы мүмкін

(0 Votes)

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қарасты Пробация қызметімен  «Учаске» республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараға полиция қызметкерлерімен қатар, пробация қызметінің 33 қызметкері жұмылдырылды.

- Күшейтілген іс-шара барысында Пробация қызметінің қызметкерлері Ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріп, мінез-құлқын, тұрмыс-тіршілігін бақылап, олармен тәрбиелік мәні бар профилактикалық сұхбаттар жүргізіп жатыр,-дейді Атырау облысы бойынша ҚАЖД Пробация қызметіне басшылық жасау бөлімшесінің бастығы Нұрлан ҚАБДОЛОВ.

Атырау облысв бойынша ҚАЖД баспасөз-қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда пробация қызметінің есебінде тұрған 499 сотталғанның мекен-жайына тексеріс жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ, арнайы құқықтық-база арқылы сотталғандардың пробация қызметін хабардар етпей мекен-жайын ауыстыру, әкімшілік жауапкершілікке тартылу, шетелге шығу секілді істерді жасаған-жасамағандығын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

- Аталған тексеріс барысында 39 сотталған сот жүктеген міндеттерден жалтарғандығы анықталып, ескерту жарияланды және 8 сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру туралы сотқа ұсыным жолданды,-дейді Қабдолов.

«Учаске» республикалық профилактикалық іс-шарасы желтоқсан айына дейін жалғасады.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT