Қазақстан өңірлерін 7 айда жаяу аралап шыққан 73 жастағы ұлытаулық Сәрсенбай Қотырашев енді әлем бойынша сапарға аттанбақ. Бұл туралы жиһангез әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мен қайтадан байланыстамын достар! Сіздерге дүниежүзін аралау саяхатына шығатын күнім анықталғанын хабарлауға асықпын. «Ештен кеш жақсы» демекші, тамыздың 2-сі күні сапарымды Атыраудан бастаймын деп шештім. Соған байланысты, кеше Жезқазған тарихи-археологиялық музейі қызметкерлерінің бастамасымен мені жолға шығарып салу шарасы өтті. Әр қатысушыға көңіл, уақыт бөліп, айтылған жылы тілектері үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Қолдауларыңызға көп рақмет», - деп жазды қария.
Еске салайық, С.Қотырашев 2022 жылы наурыздың соңғы күнінде Қазақстан өңірлерін жаяу аралау үшін сапарға шықты. Ұлытаудан басталған марафон 1 қазанда Ақтау қаласында аяқталды. Ол барлығы 8 шақырымды жаяу еңсерді. 2 қазан күні ол Астанаға келіп, жұртшылық әуежайдан жиһангезді сән-салтанатпен күтіп алды.