Қазіргі таңда үшінші қабаттан құлаған сәби түрлі жарақатпен Атырау облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.
Оқыс оқиға 2 маусымға қараған түнде болды.
«Атырау қаласында 33 жастағы жалғызбасты әйел 6 жасар баласын қыдыртып, үйіне таксимен кеш келген. Баласын пәтерге кіргізіп болған соң, көліктегі қалған заттарын алуға қайта шыққан.
Анасы үйге оралғанда, баласының терезеден құлап кеткенін байқаған», – деп хабарлады департаменттің Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, Атырауда жыл басынан бері 6 бала терезеден құлаған.
atr.kz
Сурет: ашық дереккөз