6 шілдеде АМӨЗ жұмыс режиміне шықты

(0 Votes)

 6 шілде күні «АМӨЗ» ЖШС-де мұнай өнімдерін шығару жұмыстары жанданды.

3 шілде күні сыртқы желілерден электр энергиясының толықтай өшірілуі салдарынан («МАЭК» ЖШС-дегі №1 энергетикалық блок жұмысының апатты тоқтауына байланысты) зауыт жұмысы апатты түрде тоқтаған болатын.

Қазіргі таңда баяу кокстеу қондырғысанан басқа өндірістің барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Баяу кокстеу қондырғысында апатты тоқтау салдарынан бітеліп қалған жабдықты тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл қондырғы шикі кокс өндіруге арналған, мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару көлеміне әсер етпейді.

Қондырғыны іске қосу 9-шы шілдеге жоспарланған.

АМӨЗ зауыт резервуарларындағы қор есебінен әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерін жөнелтуді жалғастырғанын атап өткен жөн.

1-6 шілде аралығында кәсіпорын:

1. АИ-92 автобензинін – 24 мың тонна;

2. АИ-95 автобензинін – 9 мың тонна;

3. Дизель отынын – 40 мың тонна;

4. Әуе отынын – 3 мың тонна көлемінде жөнелтті.

Еске сала кетейік, 3 шілде күнгі сағат 17:25-те зауыт жұмысы «МАЭК» ЖШС жылу электр стансасында орын алған апаттан кейін тоқтатылған еді.

Технологиялық регламентке сәйкес апатты жағдайдың алдын алу мақсатында электр энергиясының сыртқы желілерін толық қалпына келтіргенге дейін зауыттың отын желісі факелге жіберілді. 3 шілде күні сағат 19:35-те KEGOC АҚ тарапынан электр энергиясын беру процесі қалпына келтірілді.

Қазіргі таңда зауыт штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT