Карантиндік шаралардың ұзартылуына байланысты 3-16 тамыз аралығында 7887 азаматқа мүгедектік мерзімі автоматты түрде үш айға ұзартылды.
Бұған дейін карантин кезеңінде 31 963 қазақстандыққа мүгедектік мерзімі үш айға ұзартылған болатын. Бұл ретте мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу бұрын белгіленген мүгедектік тобы бойынша жүзеге асырылады.
⠀
Сонымен қатар, 16 наурыздан 7 тамызға дейін 13 509 қазақстандық мүгедектікті eGov.kz порталы арқылы онлайн-режимде сырттай рәсімдеді немесе ұзартты.
⠀
Бұл мүмкіндік автоматты түрде ұзартумен қатар, мемлекеттік мекемелерде адамдардың көп жиналуын болдырмау және коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайту мақсатында мүгедектігі бар адамдарға берілді.
⠀
СOVID-19 таралуына байланысты шектеу шараларының енгізілген барлық кезең ішінде азаматтар мүгедектікті белгілеу және куәландырудан қайта өту үшін электрондық форматта өтініш бере алады.
Сурет: ашық дереккөз