25 ЖЫЛ САУЫНШЫ БОЛҒАН ГҮЛЗИРА

25 ЖЫЛ САУЫНШЫ БОЛҒАН ГҮЛЗИРА
(0 Votes)

КЕҢЕС ОДАҒЫ ТҰСЫНДА АУЫЛ-АЙМАҚТЫҢ, ОБЛЫС- АУДАННЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ ДАМУЫНА БІР КІСІДЕЙ ҮЛЕС ҚОСҚАН САУЫНШЫЛАР КӨП БОЛДЫ. СОЛАРДЫҢ БІРІ ҚАРАПАЙЫМ ҒАНА САУЫНШЫ МАМАН- ДЫҒЫН МЕҢГЕРГЕН ГҮЛЗИРА ТЛЕУЛИНА ЕДІ. БИЫЛ ОНЫҢ «ПЕРВОМАЙСКИЙ» ЖШС-ДЕ ЖҰМЫС ЖАСАҒАНЫНА 25 ЖЫЛ ТОЛЫП ОТЫР.

Бұрын шаруагерлер «Сиырдың сүті – тілінде» деуші еді. Кеңес заманын­да сауыншылар таңмен таласа тұрып, бағымдағы бар сиырды қолмен са­уатын еді. Ауыл шаруашылығына, соның ішінде мал шаруашылығына индустрияландыру, озық техноло­гияларды әкелу – ауыл адамдарын жаңаша ойлауға бейімдеді.

«Қазіргі уақытта бәрі меха- никаландырылған. Сиырды сауын машинасымен сауатын болды. Са­уын машинасын пайдаланудың ірі қараға еш зияны жоқ. Керісінше сүтті көбірек алуға мүмкіндік береді. Сауын машиналары үлкенді- кішілі шаруашылықтарда кеңінен қолданылады. Сауыншылық – қазақтың атакәсібі. Бұрын таңнан тұрып, сиырды жемдеп, сауып, сүтін өткізетінбіз. Сауыннан соң кешкісін қараңғы түсе үйге қайтушы едік. Жақсы сауыншы болу үшін кәсіби дайындық, тәжірибе керек. Сауын­шы сезімтал, байқағыш болғаны жөн. Әр түлікті сауудың өзіндік ерекшелігі бар. Осыған орай сауыншыға қойылар талап та бөлек. Күнде сауып жүрген адамның орнына басқа біреу келсе, үрке қарап тұратын сиырлар да бар. Жалпы ірі қараның, асыл тұқымды сиырдың күтімі жақсы, жылы, таза орында болса, сүтіне әсер етеді. Сиырды машинамен сауған кезде сүтті тазалау процесі автомат­ты түрде жүреді. Өзім 2000 жылдан бері «Первомайский» ЖШС-де са­уыншымын. Қазіргі уақытта 30-дай сиыр сауамын. Жұмысым өзіме ұнайды. Табысымыз да қомақты. Жалақыны мезгілінде алып тұрамыз. Әр сиырды күніне екі мезгілден 4 са­уыншы кезектесіп, сауамыз» дейді кейіпкеріміз Гүлзира Тлеулина.

Өзі Ақтөбе өңірінің тумасы бол­са да, жолдасы Игнатпен танысып, 1999 жылы шаңырақ құрып, Бейба­рыс ауылына келін болып түскен. Бүгінде Гүлзира мен Игнат екеуі 5 ұл тәрбиелеп отыр. Тұңғышы Инабат Атырау қаласында жұмыс істейді. Иманбек әскер қатарынан оралған, ол да жұмыста. Ортаншысы Ислам­бек мектеп бітіріп, университеттің студенті атанды. Одан кейінгі Тұрар мен Ибрахим – мектеп оқушылары.

Қарапайым еңбек адамының осы бір жұмыс күнінде қаншама өнімге жететін сүт алынды. Осы саладағы жұмысына өзі де, жолдасы да дән риза. Ауылдың қарбалас тірлігіне шағым айтпай ілесіп, көштен қалмай жұмысын жасап, баласын тәрбиелеп отырған бақытты отбасындағы осы берекенің барлығы адал еңбектің арқасы деп білдік.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT