2027 жылы Қазақстан халқы 21 млн адамға жетуі мүмкін

(0 Votes)

2027 жылы Қазақстан халқы 21 млн адамға жетуі мүмкін. Мұндай болжамды Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Мақсат Тұрлыбаев бөлісті, деп хабарлайды Kazinform.

«Біз ұзақ мерзімге арналған болжам жасамаймыз. Қысқа мерзімді болжамды алар болсақ, 2027 жылы халық саны 21 млн-ға жетуі мүмкін. Бірақ, 2050 жылға қарай халық саны қаншаға жететіндігін есептеп көреміз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов демографиялық болжам жасалатындығын айтады.

«Онда әртүрлі әдістемелер қолданылады. Мысалы, онда көші-қон, туу процесі бар. Айталық, 2021 жылы Қазақстанда бала туу саны күрт көбейетіндігін кім ойлаған. Оған Ковид-19 пандемиясы тікелей әсер етті. Осыдан 10 жыл бұрын жылына 250-260 бала дүниеге келсе, кейінгі жылдары 300 мыңға жетті. Ал пандемия кезінде 460-470 мың бала дүниеге келе бастады. Осындай сыртқы жайттардың болжамға тікелей әсері бар», - деді ол.

Оның атап өтуінше, демографиялық өсім халықтың әл-ауқатымен байланысты. Яғни, отбасылардың әлеуметтік жағдайы жақсарған сайын дүниеге келетін балалардың саны артады. Сондай-ақ балабақшамен қамту мәселесі, әлеуметтік төлемдер де туу көрсеткішіне әсер етеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT