2025 жылы туристер ең көп таңдаған елдер белгілі болды

(0 Votes)

Жазғы туристік брондау бойынша үздік үш ел: Қазақстан, Франция және 2025 жылғы жаз маусымында қонақүй брондауларының көлемі ТМД елдері арасында ең көп Қазақстанда артты, Еуропа елдері ішінде – Францияда, ал Азияда ең үлкен өсімді Вьетнам көрсетті.

 Бұл туралы қонақүй мен апартаменттерді онлайн-брондау сервисі – "Островок" жүргізген зерттеу нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды ТАСС.

«Биылғы жазда ТМД елдеріне деген қызығушылық айтарлықтай артты: Қазақстанда брондаулар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 64%-ға өсті, Арменияда – 55%, Грузияда – 37%, Қырғызстанда – 27%, ал Өзбекстанда – 16%. Еуропа елдері арасында сұраныс өсімі бойынша Франция (+21%), Испания (+15%) және Италия (+5%) көш бастап тұр. Ал Азияда Вьетнам (+35%) пен Мальдив аралдары (+18%) ерекше көзге түсуде», – дейді сарапшылар.

Сервистің мәліметінше, 2025 жылғы жазда шетелде демалуға ең танымал үш елдің қатарына Беларусь, Түркия және Абхазия енген. Бұл – ресейліктер жиі таңдайтын дәстүрлі бағыттар, себебі бұл елдерге көлікпен жету оңай және визасыз кіруге болады. Сондай-ақ сұраныс жоғары елдердің ондығына Грузия, Қазақстан, Армения, Тайланд, Италия, Өзбекстан және Қытай кірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT