2024 жылы кімдердің жалақысы өседі?

фото: aikyn.kz
(0 Votes)

2024 жылы қай санаттағы жұмысшылардың жалақысын және қаншаға арттыру жоспарланғаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Редакция бұл сауалды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдаған. Ресми сауалға берілген жауапта, еңбек заңнамасына сәйкес министрлік қызметшілерге еңбекақы төлеуді реттейді. Олардың еңбегіне ақы төлеу жүйесі мемлекеттік органдар мен қазыналық кәсіпорындардың барлық қызметкерлеріне бірдей.

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған тапсырмасын орындау үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап лауазымдық міндеттеріне түзету коэффициентін қолдану арқылы азаматтық қызметкерлердің жекелеген санаттарының (педагогтерді, медициналық және әлеуметтік қызметкерлерді қоспағанда) жалақысын кезең-кезеңімен арттыру басталды, - делінген жауапта.

2022 жылы бұл коэффициенттің мөлшері 1,23 болса, 2023 жылы 1,45-ке жетті. 2024 жылы ол 1,71-ге, ал 2025 жылы 2,0-ге дейін көтеріледі. Осылайша, төрт жыл ішінде азаматтық қызметкерлердің жалақысы екі есеге өседі.

Сондай-ақ, министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін (ЕТЖ) 70 мыңнан 85 мың теңгеге дейін арттыру жоспарланғанын хабарлады.

Министрліктің болжамына сәйкес, осыған орай меншіктің әртүрлі нысанындағы кәсіпорындарда барлық салада жұмыс істейтін 1,8 миллионға жуық жалдамалы қызметкердің табысы өседі. gov.kz мәліметіне сүйенсек, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес қазыналық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерде штаттық лауазымды атқаратын адамдар азаматтық қызметкерлер саналады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT