Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, өткен тәулікте 2024 жылғы 3 мамырда сағат 8-дегі жағдай
Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:
Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 788 см., деңгейдің +38 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 565 см құрайды.
Жайық өзені – Махамбет кентінің деңгейі 812 см., деңгейдің тәулігіне + 17 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 495 см., қауіпті деңгейге дейін 38 см қалды.
Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы деңгейі 471см., тәулігіне деңгейдің көтерілуі + 12 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 280 см құрайды. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
3 мамырда Иректі су қоймасынан су жіберу 141 м3/с құрайды.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы