2024 жылғы 16 сәуірдегі Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет

2024 жылғы 16 сәуірдегі Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет
фото: egemen.kz
(0 Votes)

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 16 сәуірде сағат 8-дегі жағдай бойынша ахуал. 

Атырау облысының Жайық өзені бойынша, өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей төмендегідей өзгерді:

Жайық өзені – Индербор кентінің су бекетіндегі деңгейі 538 см., су деңгейі +10 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 315 см құрайды.

Жайық өзені – Махамбет кентіндегі су деңгейі 664 см., су деңгейі + 10 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 347 см құрайды.

Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 387 см., су деңгейінің көтерілуі +14 см., су тасқыны басталғаннан бері жалпы су көтерілуі 196 см.құрайды.

⁃ Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

"16 сәуірде Иректі су қоймасынан судың келуі 510 м3 / с құрайды, су жіберілуі 447 м3 / с құрайды", - делінген хабарламада.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

t.me/ insta/

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT