2024 жылғы 15 сәуірдегі Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет

(0 Votes)

 Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша , 2024 жылғы 15 сәуір сағат 8-дегі жағдай:

 Өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен Атырау облысының Жайық өзенінің деңгейі өзгерді:

    Жайық өзені – Индербор кентінің су бекетіндегі деңгей 528 см., су деңгейі +3 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы су деңгейінің көтерілуі - 305 см құрайды.

Жайық өзені – Махамбет кентінің су деңгейі 654 см., су деңгейі + 14 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілу деңгейі 337 см құрайды.  

  Жайық өзені-Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 373см., су деңгейі +9см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері судың жалпы көтерілуі 182 см құрайды.

⁃ Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

"15 сәуірде Иректі су қоймасынан жіберілген су көлемі 447 м3 / с құрайды", - делінген хабарламада.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT