Қазақстанда 20 маусымнан бастап Түркияға, Грузияға және Таиландқа әуе рейстері ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, Қазақстанда коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 11 маусымдағы шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, 2020 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстан Республикасынан Түркияға, Қытайға және Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен қайта ашылады.
"Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасының тарапынан шектеу шараларына байланысты қазақстандық және шетелдік әуе тасымалдаушылардың кестесі қарастырылып жатқаны айтылады.
Рейстер Қазақстан мен шет мемлекеттер белгілеген санитарлық қауіпсіздіктің шаралары күшейтілген жағдайда жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ҚР Көліктегі Бас санитар дәрігер осы елдердегі жағдайды қадағалайтынын және эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда тиісті шаралар қолданылатынын атап өтеміз", - деді ведомство өкілдері.