116 рет жылдамдықты арттырып, айыппұл төлеуден жалтарған жүргізуші ұсталды

(0 Votes)

Атырау қаласында "Intercoptor" автоматтандырылған бақылау жүйесінің көмегімен аса ірі мөлшерде айыппұл төлемеген екі автокөлік анықталып, ұсталды - деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаменті.

Бірі Армения , екіншісі – Ресей есептерінде тұрғандықтан осындағы иелері деректер базасында тіркелмеген.

Полицейлер "Кордон" фоторадар кешенінің көмегімен  18 мамыр күні бұл көліктерді  қала көшелерінде анықтап, тоқтатты.

Олардың бірі "Opel Astra" көлігі жүргізушісі 1 млн 117 мың 886 теңге көлемінде айыппұлды 116 рет  жылдамдықты арттырғаны үшін, екінші "Daewoo Nexia" көлігінің жүргізушісі  қозғалыс ережесін  20 рет бұзғаны үшін  173 625 теңге айыппұл салынған. Айыппұлдар төленгенше, көліктер айып тұрағына қойылды.

Айта кету керек, тек 18 мамыр күні жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл тұрағына қазақстандық,  шетелдік есепке алынған 15 автокөлік қойылды.

Атырау облыстық полиция департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз