Балық ресурстарының сақталуын қамтамасыз ету және балық аулауға тыйым салынған балық түрлерін заңсыз аулауға жол бермеу мақсатында 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Атырау станциясы Желілік полиция бөлімінің қызмет ету аймағында балықты немесе балық өнімдерін заңсыз аулауды, әкетуді, тасымалдауды, сатып алуды немесе өткізуді анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған "Бекіре-2021" жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шараны өткізу кезеңінде полиция қызметкерлерімен балық немесе балық өнімдерін заңсыз әкету, тасымалдау, сатып алу, өткізу фактілерін анықтау және болдырмау мақсатында вокзалдарда, әуежайда, станцияларда, жолаушылар пойыздарында бақылау күшейтілді.
Жыл басынан бері Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен бекіре тұқымдас балық түрлерін немесе оның уылдырығын заңсыз сақтау, өткізу, әкету, жөнелту немесе тасымалдағаны үшін 11 факті анықталды.
Е.С.Кулманов,
Мақат ст. ЖПБ-нің бастығы
Полиция аға лейтенанты
Сурет: ашық дереккөз