10 АТЫРАУЛЫҚ АҚШАЛАЙ ҰТЫСҚА ИЕ БОЛДЫ

(0 Votes)

Кеше, 21 шілдеде «Вакцина ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол» атты акцияның екінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен өткен акцияға 10 шілде сағат 8:00 мен 20 шілде 23:59 аралығында вакцинаның І немесе ІІ компонентін алған 34 301 атыраулық қатысты.

Тікелей эфир тәуелсіз бақылаушылардың қатысуымен өтті. Онда «Былина» орыс этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Кораблев, Адалдық алаңы өңірлік кеңсесінің менеджері Мирас Қабдолов, «Қоғамдық келісім» қалалық филиалының өкілі Рафик Сарсенов және журналист Эльмира Тұңғатарова болды.

Кездейсоқ сандар арқылы ақша сертификаттарының 10 иелері анықталды.

Олар:

  1. Кенжеғали Айгерім
  2. Абдуллиев Өтеп
  3. Утенов Азамат
  4. Қисметов Махамбет
  5. Кузин Алексей
  6. Лұқпанов Әсембек
  7. Атаханова Нурасила
  8. Колесников Вадим
  9. Ануарбеков Толқын
  10. Қалжанов Пердебай

Айта кетейік, өңірде 130 мыңға жуық тұрғын вакцинаның І компонентін алса, 75 мыңнан астамы ІІ компонентінде алған.

Мақат тынысы

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика