«Жаңа адамдар» бастамасы

(0 Votes)

«Respublica» партиясы ресми түрде штабын ашып, үгіт-насихат жұмыстарын бастады.

Осылайша, барлық өңірде республикалық және аймақтық штабтың өкілдері қызу жұмысқа кірісіп кетті. «Respublica» басшылары мен Мәжіліс депутаттығына кандидаттар және басқа да партия мүшелері қатысқан алқалы жиын өтті. Жиынға барлық аймақтық штабтардың басшылары мен қызметкерлері бейнебайланыс арқылы қосылды. Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Көптен күткен сәт те келіп жетті. Сайлаудың үгіт-насихат науқаны басталды. Енді біз барлық күшімізді жұмылдырып, сапалы жұмыс істейміз. Барлығыңыздың қаншалықты ұзақ және ауыр жұмыс істегендеріңізді білемін. Қателіктер де болды, жеңістеріміз де аз емес. Ең бастысы, біз партияны құрған күннен бастап, осы маңызды кезеңге абыроймен жеттік. Бүгіннен бастап республикалық, облыстық штабтардың есігі әр азаматқа айқара ашық. Біз халықты өзімізге дауыс беруге шақыра бастадық. Бүгіннен бастап ресми сайтымызда жарияланған сайлауалды бағдарламамызбен танысып, нені жақтайтынымызды, қандай идеяларды насихаттап, қоғамдық талқылауға қандай бастаманы шығарғымыз келетінін біле аласыздар, – деді партия лидері.

Жиыннан соң партия лидері Айдарбек Қожаназаров, тең төраға Сырымбек Тау және басқа да жетекшілер алғашқы үгіт-насихат плакаттарын ілу үшін еліміздің әр қаласындағы көшелерге шықты. Осылайша, үгіт-насихат тобы еліміздің барлық аймағында іске қосылды. Қызметкерлер мен еріктілер баннерлер іліп, плакаттар жапсырып, азаматтарға үгіт парақшаларын таратуды бастап кетті. «Respublica» – мемлекет қызметінің түрлі салаларын қалпына келтіруге ұмтылатын белсенді азаматтарды біріктірген партия екенін мәлімдеген болатын. Оған кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері тартылған.

«Басты мақсатымыз – әрбір азамат саяси, әлеуметтік және экономикалық өзгерістерге өзінің атсалысып жатқанын сезінуі үшін ел саясатына ықпал ету тетіктерін жасау. Ұранымыз – «Жаңа адамдар – Жаңа қадамдар» дейді партия өкілдері.

Партияның құрылғаны туралы 2022 жылдың тамызында жарияланған болатын. 2023 жылдың 18 қаңтарында «Respublica» партиясы тіркеу құжаттарын қабылдады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT