Саламатты өмір салтына үндейді

(0 Votes)

 Елордада «Саламатты өмір салтын қалыптастыру» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара кезінде Қазақстан Халық партиясының өкілдері мен тұрғындар қала көшелерімен жүгіріп өтті. 

Марафонның мақсаты – қала тұрғындарына саламатты өмір салтын насихаттап, спортпен айналысуға шақыру. Сондай-ақ таяу күндері өтетін сайлауға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.

«Қозғалыс – өмірдің мәні! Дәрігерлердің айтуын¬ша, адам денсаулығының 50 пайызы саламат¬ты өмірмен ұштасқан. Сондықтан да мін¬детті түрде арнайы спорт залдарына бармай-ақ, дене қоз-ғалысын жасаса болады», деді Парламент Мәжі¬лісі депутаттығына кандидат Нұрдәулет Оразханов.

Партиялықтар 19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтетінін тағы бір еске салды. «Халық партиясы әділ сайлауды қолдайды. Партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі ұстанымы – билік пен байлық халыққа тиесілі!», деді партиялықтар.

Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Нұрдәулет Оразханов пен Найля Аппасова елордадағы «KEGOC» АҚ ұжымымен кездесті. Олар қызметкерлерді партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Алдымен спикерлер Халық партиясы Қазақстандағы капитализмнің қалыптасқан жүйесін өзгерту ниетті екенін атап өтті. Мұнан соң партия өкілдері сайлаушылардың еліміздегі кедейшілікті жою мен міндетті медициналық сақтандыруға қатысты сауалдарына жауап берді.

«Халық партиясы қуатты орта тап құру және жұмыссыздықты, кедейшілік пен қайыршылықты жоюды, шетелдік инвесторлармен келісім-шарттарды қайта қарауды, олигархтардың мүлкін тәркілеуді жақтайды», деді олар.

«Кедейлік пен аз жалақы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын төмендетіп қана қоймайды. Олардың дұрыс тамақтануына, емделуіне және балаларына жағдай жасауын шектейді. Бұл өзекті мәселеге айналып отыр. Қазір халық төменгі табыспен барлық жағдайға үнемділік танытып, күнделікті тұтынуға қажетті заттарды сатып алуға қол жеткізе алмай келеді. Осының салдарынан отандық өндіріс пен ішкі нарықта экономикалық құлдырау байқалады», деді кандидаттар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521