Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының ұйымдастыруымен «ЛРТ – сыбайлас жемқорлық ескерткіші» тақырыбында митинг өтті.
«ЛРТ құрылысы кезінде 6 әкім ауысты. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының тек 17 па¬йызы орындалды. Қоғамдық талқылаулар орын алған жоқ. Бұл факт елге қала азаматтары шешім қабылдай алатындай плебисцит институты қажет екенін айғақтайды», деп атап өтті өз сөзінде ЖСДП-дан Парламент Мәжілісінің депутаттығына партия тізімі бойынша кандидат Асхат Рақымжанов.
Кандидат Нұрлан Әуесбаев құрылыс саласы жемқорлық белең алған салалардың бірі екендігін атап өтті. Оның пікірінше, заңсыз әрі тұрғындардың пікірі ескерілмей, көппәтерлі үйлер салынатын жер учаскелері бөлініп жатыр. Ал кандидат Мақсұт Насибұлов еліміздің құрылыс саласында тамыры тереңге кетіп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қатысты алаңдаушылық білдірді. Митинг соңында қарар қабылданып, тиісті органдарға жіберілді.
ЖСДП-дан Парламент Мәжілісінің депутат¬тығына партия тізімі бойынша кандидат Берік Жағыпаров пен Жеңіскүл Дүзбаева Ұлытау облысы сайлаушыларымен кездесті.
Депутаттыққа кандидаттар сайлаушыларды пар¬тияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Несие мөлшерлемесін төмендету, кәсіпкерлердің салығын азайту және зейнетақы жасын төмендету мәселелері көтерілді. Іс-шара барысында кандидаттар тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
ЖСДП-дан Парламенті Мәжілісінің депутат¬тығына партия тізімі бойынша тағы бір кандидат Виктор Калгин ЖСДП-ның «Үгіт-насихат пойызы» аясында Шемонаиха қаласына барды.
Сайлаушылармен кездесу барысында кандидат ЖСДП бағдарламасының басты ұрандарын атап өтті: саяси реформалар бағытын күшейту; халықтық парламенттік бақылау – жемқорлықтың басты тос¬қауылы; халықтың еңсесін көтеріп, олигархтар¬ды әшкерелеу; азаматтардың әл-ауқаты дең¬гейін арттыру; баршаға қолжетімді әлеуметтік қол¬дау: мықты ауыл – ел қауіпсіздігінің негізі.