Мәдени мұра – мәңгілік құндылық

(0 Votes)

«Respublica» партиясы түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанда 500-ден астам тұрғынмен кездесті. Партия төрағасы, Мәжіліс депутаттығына кандидат Айдарбек Қожаназаров кездесуде ұлттық мәдени бірегейлікті ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.

– Көшпенділердің тарихи-мәдени мұрасын саналы ұрпақ ретінде сақтап қана қоймай, жастардың санасына сәуле шашатындай насихаттауға, бүкіл әлемге тарату маңызды. Біз халықтың біртұтас мәдени кеңістігін қалыптастыруды бас¬ты міндет ретінде қарас¬тырып отырмыз. Қазақ халқының ұлттық мәдени болмысының өзегі – тарихи дәстүріміз, ұлттық құндылықтары¬мыз және қазақ тілі. Күллі түркі әлемінің рухани астанасындағы Қожа Ахмет Ясауи сияқты тарихтағы рухани көшбасшыларымыздың дүниетанымын дәріп¬теп, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу маңызды, – деді А.Қожаназаров.

Өз кезегінде депутаттыққа кандидат Ека¬терина Смолякова да қоғамды топтастырудың факторы ретінде қазақ тілін насихаттаудың маңыздылығына тоқталды.

– Қазақ тіліндегі танымал контентті дамыту мен таратуды ынталандыратын тетіктердің жоқтығы қынжылтады. Біз бос ұрандарға қарсымыз. Біз ұлт бірлігінің басты факторы – қазақ тілін дамытудың тиімді тетіктері мен жағдайын жасауды мақсат етіп қойдық, – деді Е.Смолякова.

«Respublica» партиясының жетекшілері мен депутаттыққа кандидаттар Шымкент қаласына барып, «Ferrum Vtor», «ЦветЛит» және «ST temir» ЖШС металлургиялық кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесті. Жиын барысында партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров қоғам игілігі үшін еңбек ету нағыз патриотизмнің көрінісі екенін айтты.

– «Respublica» партиясының идеяларын шынайы патриоттарға, күнделікті зауыттар мен фабрикаларда жұмыс істейтін нағыз еңбек адамдарына ұсынғаныма өте қуаныштымын. Отаншылдығыңды жар салып көрсетпей-ақ, Отанға деген сүйіспеншілігіңді іспен дәлелдеу – халықтың игілігі үшін еңбек ету деп білемін, – деді партия жетекшісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521