Кедергісі көп көлік тасымалы

(0 Votes)

«Amanat» партиясының республикалық сайлауалды штабында Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Мұрат Теміржанов пен Екатерина Смышляева Қазақстан көлік тасымалдаушылары одағы өкілдерімен кездесті.

Кездесу аясында ЕО елдеріне жүк тасымалдау үшін қажет құжат айналымы мəселелері, жүк көлігін Қытай шекарасындағы пункттерден өткізу проблемалары, автопарктердің тозуы жəне жүргізушілердің жетіспеушілігі, сондай-ақ көлік пен логистиканы цифрландыру мəселелері талқыланды. Кездесу барысында Мұрат Теміржанов партияның сайлауалды бағдарламасында көліклогистика саласын дамытуға ерекше назар аударылғанын атап өтті.

Қазақстан аумағынан 11 халықаралық транзиттік дəліз өтеді: 5 – темір жол жəне 6 – автомобиль жолы. Ал көлік саласы 600 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Транзиттік əлеуетті дұрыс пайдалану, көлік инфрақұрылымын салуды жалғастыру, өзге елдермен байланыс орнатуды дамытуға жəрдемдесу қажет. ЕАЭО кедендік шекарасында орналасқан 9 автомобиль жəне 1 темір жол өткізу пунктін жаңғырту жəне техникалық жарақтандыруды жетілдіру жоспарланып отыр. Жаңғыртылған өткізу пункттерінде интеграцияланған кедендік бақылау жүргізіледі. Көлік-логистика саласын дамыту үшін транзиттік тасымалдардың бірыңғай цифрлық жасыл дəлізі құрылады. Бұл қадам жүкті жеткізу мен декларациялауды жеңілдетуге, кедергілерді жоюға жəне адал тасымалдаушылардың бəсекеге қабілетін арттыруға көмектеседі.

Кандидат Екатерина Смышляева партия бағдарламасын əзірлеу кезінде саладағы проблемалар ескерілгенін атап өтті. Алдағы уақытта мəселелерді шешудің тың тетіктері қолға алынып, салада серпіліс пайда болады деп күтіліп отыр.

«Бұған дейінгі шақырылымда біздің фракция жол қозғалысы мəселелері жөніндегі заң жобасына бастамашы болды. Бұл жоба – қазір Мəжілісте. Келесі құрам аталған бастаманы соңына дейін жеткізуге тиіс. Бұл заң жобасында бірқатар проблемалық мəселе қамтылды. Оның бір бөлігін құжатты талқылау кезінде көтеруге болады», деді Е.Смышляева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521