Еңбек адамына құрмет

(0 Votes)

 «Ауыл» партиясына Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Николай Арсютин, Қайрат Айтуғанов, Жигули Дайрабаев, Аян Зейнуллин және түрлі деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға кандидаттар Павлодар қаласында «Локомотив жөндеу зауыты» мен «Андас Agro» ЖШС жұмысшыларымен кездесті.

«Локомотив жөндеу зауыты» ЖШС жұмысшыларымен жүздесу аталған серіктестіктің өндірістік цехында өтті. Жиынға кәсіпорынның 100-ге жуық жұмысшысы қатысты. Бұл кездесу «Ауыл» еңбек адамының мәртебесі үшін күреседі!» тақырыбында өтті.

«Елімізде қарапайым жұмысшыны құрметтеу деген түсінік бүгінде құнсызданып кетті. «Адамды адам еткен – еңбек» десек, қоғамдық қатынастар өзгерген қазіргі кезде біз нағыз еңбек адамы деп кімді бағалап жүрміз? Бізде кімнің тамыр-танысы көп, соның жолы болғыш. Кім пысық болады, соның жағдайы жақсы. Біздіңше, еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін, табысын маңдай терімен табатын адал жан. Таң атқаннан күн батқанға дейін тыным таппай тер төгетін жұмысшы қауымы мына сіздер. Жаздың шіліңгір ыстығы мен қыстың қақаған аязында ашық аспан астында бел жазбай еңбек ететін шаруалар. Өкінішке қарай, бізде еңбек адамдарын бағалау жетіспейді. Қызметіне адал жұмысшы кез келген салада болуы керек. Себебі, еңбек адамы әлеуметтік құрылымдардың маңызды бөлшегіне айналуға тиіс. «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасында еңбек адамына ерекше құқықтық мәртебе беруге қол жеткізу керектігі тайға таңба басқандай анық жазылған. Партияның мақсаты – қарапайым еңбек адамының мәртебесін қайтару. Бұл мәселе сіз бен біз тізе біріктіргенде ғана қолға алына¬ы.¬ Ондаған жыл бойы сіресіп қатқан сеңнің көбесі сіздердің қолдауларыңызбен Мәжіліске барғанда ғана сөгіледі», деді кәсіпорын жұмысшылары алдында сөз алған кандидат Жигули Дайрабаев.

«Андас Agro» ЖШС жұмысшы ұжымымен кездесуде Николай Арсютин: «Ауыл» партиясының негізгі мақсаттарының бірі – еңбек адамының қадірін арттырып, мәртебесін көтеру. Сондай-ақ оларға ауыл шаруашылығы өндірушілері ретінде артықшылықтар бере отырып, «ел асыраушысын» қастерлеуді қалыптастыру», деді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521