Алаш арысына тәу етті

(0 Votes)

Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» партиясы республикалық штабының мүшелері Ақтау қаласындағы Алаш арысы Жалау Мыңбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. 

«Жалау Мыңбайұлының ерлігі туралы көп айтуға болады. Ол Қырғыз автономиялық Республикасының атқарушы комитетінің басшысы ретінде автономиялық республикаға еліміздің «Қазақ Республикасы» деген төл атауын қайтарды. Партиямыздың саяси бағдарламада дәл осындай талап бар. Біз оны ресми түрде 2019 жылы Парламент мінберінде ашық түрде айттық. Біздің пікірімізше, тәуелсіз мемлекеттің атауы жерге емес, елдің атына байланысты болу керек, яғни Қазақ Республикасы. Ол кезде Үкімет оны қолдамады, бірақ біз ерте ме, кеш пе соған келеміз. Ол тарихи әділеттілік деп санаймыз», деді А.Перуашев жиналған қауым алдында.

Партия лидері, сонымен қатар «Ақжолдың» саяси бағдарламасын таныстырып, атқарған жұмыстар туралы баяндады.

«Біз соңғы рет Парламентте 12-ақ депутат бол¬дық, 107 депутаттың арасында. Дауыс берген¬ кезде өте маңызды мәселелерде азшылықта қалсақ та, бастамаларымыз 10 жыл, кейде 7-8 жыл өткен соң да іске асып жатыр. Осындайда Әлихан Бөкейханның «Тірі болсам, қазақ халқына қызмет қылмай қоймаймын» деген сөзі еске түседі», деді партия төрағасы.

Жиын барысында сөз алған партия төрағасының орынбасары Қазыбек Иса «Ақжолдың» өзгелерден ерекшелігін атап өтті.

«Қасиетті Маңғыстау өлкесіне – Пір Бекет бастаған 362 әулиенің еліне, Үшқиянның жеріне табанымыз тиіп тұр. Қарт Каспийдің жағасында ер Жалаудың ескерткішіне тағзым еттік. «Ақ жол» партиясының басқа партиялардан, басқа қоғамдық ұйымдардан айрықша ерекшелігі ұлттық мүддені қорғайтын «Алаш» идеясын ту етіп ұстап, ұлттық идея ретінде ұстап ұлттық мүддемізді қорғап келе жатқан партия екенін білесіздер. Ұлттық идеологияны ту етіп ұстаған партия болғандықтан, биыл сайлаудың жорығын Алтын Орданың атасы, қазақ хандарының бабасы – Жошы ханнан, қасиетті Ұлытаудан бастадық. Енді қасиетті Маңғыстау еліне де табанымыз тиді», деді ол.

Одан кейін штаб мүшелері Қамқор-Машзавод кәсіпорнының жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен кездесті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT