Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев аймақтардағы сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жалғастырып жатыр. Жуырда партия төрағасы Павлодар облысының сайлау-шыларымен кездесті.
Е.Ертісбаев Павлодардағы «УПНК-ПВ» ЖШС еңбек ұжымымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Зауыт күйдірілген мұнай коксын өндірумен айналысады және экспортқа өнім жөнелтеді. Партия төрағасы зауыт жұмысшыларына Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасында социал-демократиялық бағытқа басымдық берілгенін баяндады. «Әлеуметтік әділеттілік идеясы халық арасында өміршеңдігін сақтап тұр, оны жүзеге асыратын уақыт келді», деді ҚХП төрағасы.
Халық партиясы демократияны, мемлекеттік бас¬қару мен басқа да жетекші салалардағы реформалар¬ды, тегін медицина мен білім беруді, тұрғын үй бағ¬дар¬ламасын жүзеге асыруды, аймақтарды дамы¬ту¬ды, олигархиямен күресуді, күшті мемлекет қа¬лыשּׁтастыруды жақтайды. Орта тап пен елдің барлық аза¬матының өмір сүру деңгейін көтеруді қолдайды.
«Еңбек заңнамасын түбегейлі өзгерту керек, – деді Ермұхамет Ертісбаев. – Кодекс жұмыс берушілердің ғана емес, қызметкерлердің де құқығын қорғауы керек. Сонымен қатар біздің партия ауыр және қауіпті өндірістерде жұмыс істейтіндердің зейнет жасын төмендетуді жақтайды.
Бұдан соң партия төрағасы сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында қалалық Мәдениет сара-йында халықпен кездесті. Іс-шара барысында ҚХП төрағасы қала тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын қысқаша таныстырып, сайлау¬шылармен пікір алмасты. Үгіт-насихат жұмысы сұрақ-жауап форматында өтті.
Ал Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат, ҚХП Жетісу облыстық филиалының төраға¬сы Қахарман Жақсылық «Талдықорған облыс¬¬тық әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлес¬-тігінің ұжымына сайлауалды үгіт-насихат жұмы¬сын жүргіз¬ді. Ол Халық партиясы әйелдердің 58 жас¬тан зейнет¬ке шығу қозғалысын қолдағанын, нәти¬жесін¬де 61 жастан зейнетке шығуға 5 жыл мора¬торий жарияланғанын атап өтті. «Халық пар¬тия¬сының сайлауалды бағдарламасында көп-балалы аналарға, толық емес отбасы мен мүм¬кіндігі шектеулі баласы бар аналарға қолдау көр-сетуге басымдық берілген», деді Қ.Жақсылық.