Атырауда ҚАЖД басшысы аудандағы сотталғандармен кездесті

(0 Votes)

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің басшысы Манарбек Габдуллин іс-сапармен Мақат ауданына барып, жергілікті құқыққорғау органдарының басшыларымен және сотталған азаматтармен кездесті.

Іс-сапар барысында Мақат ауданының әкімімен және құқыққорғау органдарының басшыларымен кездесіп, атқарылып жатырған жұмыстар бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен катар, Мақат аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандармен жеке кабылдау өткізді.

- Сотталған азаматтарды жұмыс қамту керек. Сонда ғана олардың дұрыс жолға түсулеріне себеп боламыз. Еңбек қана адамды түзейді. Осы орайда жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларымен сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесін шешу бойынша бірігіп жұмыстар атқарамыз,-деді Манарбек Габдуллин.

Кездесуде аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің, білім бөлімінің мамандары табыс көзін табуға жәрдемдесу, қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру бағытында кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, түрлі бағыттағы кеңестер берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT