banner_damu

Атырау облысындағы энергия мекемелері бойынша 2020 жылғы 21 қазанға ақпарат

(0 Votes)

21.10.2020 жылғы 07:00 уақыттағы жедел ақпаратқа сәйкес, Атырау облысындағы энергия мекемелерінде болған технологиялық бұзушылықтар, т.б. жағдай бойынша Атырау аймағындағы жылуэлектр орталықтарында:

1. «АЖЭО» АҚ электрстанциясында 8 қазандық агрегаты, 6 турбина агрегаты жұмыс істейді (қорда - 6 қазандық, 5 турбина агрегаттары бар). Қолда бар электрэнергиясының қуаты 342МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерациясы 170МВт. «АЖЭО» АҚ-ның қоймасында жанармайдың қажетті қоры сақталған (5 күнге 3819,7тонна). Газдың тәулікте жұмсалған шығыны 2041200м3.

2. Ал, «АМӨЗ» ЖШС–і ЖЭО–да 6 қазандық агрегаты, 3 турбина агрегаты жұмыс істейді (№9 қазандық, №3 және №4 турбина агрегаттары жөндеуде тұр). Қол жетімді электр энергиясының қуаты 30МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерациясы 12МВт. Қоймада жанармайдың қажетті қоры сақталған (10 күнге 1270 тонна).

3. «Қашаған» электрстанциясында 5 турбина агрегаты жұмыс істейді. (3 турбина агрегаты резервте). Қолжетімді электр энергиясының қуаты 311,56МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерациясы 140МВт. Газдың тәулікте жұмсалған шығыны 742000м3.

4. «ТШО» электрстанциясында 8 турбина агрегаты жұмыс істейді. №6,4 турбина агрегаты жоспарлы жөндеуде тұр. Қолжетімді электр энергиясының қуаты 472МВт. Сұраныс бойынша генерациясы 203МВт құрайды. Көрсетілген кезеңде Атырау облысындағы энергия мекемелерінде технологиялық бұзушылықтар тіркелмеген.

Ж.М.АЙТКАЗИЕВ,

ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық Департаментінің басшысы

Super User

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика