Атырау қаласы тергеу изоляторының қызметкері 21-жастағы жігіттің әмияны мен құжатын тауып берді

(0 Votes)

Атырау қаласы тергеу изоляторының (УГ-157/1 мекемесі) қызметкері 21-жастағы жігіттің әмияны мен құжатын тауып берді.

21-жастағы Сәкен тергеу изоляторында отырған досынан қайтып келе жатырған кезде әмиянын жоғалтып алып, оны мекеменің бақылаушысы Алтынай Мұқтажғалиева тауып алған.

- Әмиянды қарап, жігіттің аты-жөнін білгеннен кейін, әріптестерімді хабардар етіп, жігітті іздеуге кірістік. Аздаған уақыттан соң онымен байланысып, құжаттары мен әмиянын қайтарып бердім. Менің орнымда басқа біреу болса да, солай жасар еді, - дейді Алтынай Мұқтажағалиева. Сәкеннің айтуынша, ол құжаттары мен әмияны жоғалғанын үйіне барған соң бір-ақ байқаған. Қай жерде жоғалтып алғанын да білмеген Сәкенмен, мекеме қызметкерлері байланысқан.

- Айдың басы болғандықтан жалақымды алдым. Сол себепті әмиянымда қомақты қаржы болған еді. Тауып берген үшін мекеме қызметкерлеріме алғысым шексіз,-дейді Сәкен Ысмағұлов.

Айта өту керек, қазіргі таңда УГ-157/1 мекемесінде 200-ге жуық күдікті отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT