Ұлы дала тарихы сабақталды

(0 Votes)

Қыркүйек айында бастау алған аудан күндерінің көшін 27 қараша күні биылғы жылы құрылғанына  95 жыл толып отырған мұнайлы өңір Мақат ауданы жалғады. Қазақ мәдениетінің жаңа заман ырғағына сіңісіп, бейімделуіне, жастардың тарихи құндылықтарға қызығушылығын оятуға, аудан  шеберлерінің жұмысын насихаттауға бағытталған  шара аудан өнерпаздарының мерекелік сәлемдемесімен басталып, аудан тарихынан сыр шертетін аудандық тарихи-өлкетану музейінің көрмесімен және қолөнер шеберлерінің көрмесімен жалғасты.

Қойнауы шежіреге бай, көне тарихы мен «қара алтындай» қазынасы бар Мақат ауданының тарихынан сыр шертетін көрмеге 235 экспонат қойылды. Олардың қатарында орта ғасырлық Таскешу керуен сарайының  қазба орнынан табылған археологиялық жәдігерлер, аудан өңіріндегі тарихи тұлғалар мен аудан экономикасының шежірелі парақтарында іздері қалған ел ардақтыларының, аудан мәдениетін көтеруге үлес қосқан мәдениет майталмандарының өмірдеректерінен сыр шертетін жәдігерлер, жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіш макеттері және ауданның мұнай өндірісі бағытындағы жәдігерлері жасақталып, көрермен назарына ұсынылды. 

dsc_0490

Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев, Мақат ауданының құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы   Сәбит Халенов, Атырау облысының Құрметті азаматы, мұнай саласының үздігі Мағауия Шырдабаев, аудан түлегі, облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Бақытбек Мырзағалиұлы сөз алып, аудан тарихының облыс жұртшылығына кеңінен насихатталуына үлес қосатын шараға сәттілік тіледі. 

dsc_0485       

Шараға сонымен қатар облыстық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары, мәдениет саласының ардагері Серік Қалжанұлы, Мәдениет саласының қайраткері, «Мерейлі мекен» журналының бас редакторы Жеңіс Аронұлы,  Мақат ауданы ардагерлер кеңесінің бір топ ардагерлері,  облыстық Халық шығармашылығы орталығының қызметкерлері, Атырау аграрлы-техникалық колледжінің студенттері, Ә.Жангелдин орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары, музей қызметкерлері қатысты.

«МТ»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521