Атырауда электр жарығы қалпына келтірілді

(0 Votes)

Мерекелік демалыс күндері қаламызда электр энергиясы сөніп, апаттық ажырау орын алды. Осы орайда «Атырау ЖЭО» АҚ президенті Айбар Рахмановтың қатысуымен өңірлік баспасөз қызметінде брифинг өтті.

Жарықтың сөну себептерін анықтайтын комиссия құрылып, апаттық ажырауды қалпына келтіруге бағытталған жұмыстар өз нәтижесін берді.  Атырау ЖЭО-ның жұмыс режимі қалыпты режимге көшті, қаланың қажетті энергия шығыны қалпына келтірілді. «Атырау ЖЭО» АҚ президенті Айбар Рахмановтың айтуынша, қазір жағдай бақылауда. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Мұрат Иғалиевтің айтуынша, қазіргі уақытта қаланың барлық әлеуметтік маңызы бар нысандарын электрмен жабдықтау бақылауда. Сондай-ақ, апат себептерін анықтау үшін Атырау ЖЭО-да да, жергілікті атқарушы органдарда да жұмыс комиссиялары құрылды.

Күнікеше «АтырауНефтиМаш» ЖШС ірігабаритті жүгін тасымалдау кезінде қаланың тең жартысын электр энергиясынан ажыратты. Алайда бұл жағдай мереке күндерінде болған апаттық ажырауға қатысы жоқ екендігі брифинг барысында айтылды. Кәсіпкерлерге келісімшарттарына сәйкес шығын төленбейді.

Айта кету керек, 1 желтоқсанда Атырау жылу электр станциясының турбиналарында апаттық ажырау орын алды, бұл қаланы электрмен желісімен қамтамасыз етуді уақытша тоқтатты. Бұл жағдай Облыс әкімдігінің жіті қадағалауында екендігін айтамыз.

 

ATPress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521