Өзекті

- Автор: Бекарыс
- Категория: Өзекті
- Read Time: 1 min
- 219
Атырау облысында қайта жаңғыртылып жатқан «Атырау-Астрахань» республикалық маңызы бар автожолы сапа бақылауынан өтіп, анықталған ақауларды түзету жұмыстары жүргізілуде.
Жоба «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Атырау филиалының тұрақты бақылауында. Жыл басынан бері филиал инженерлері нысанға бірнеше рет тексеріске шығып, жол құрылысына пайдаланылып жатқан материалдардан бірнеше сынама алынған. Анықталған кемшіліктер жойылған.
Сонымен қатар жол жабындысының отыруы, сызаттардың және жарықтардың пайда болуы сияқты 9 ақау тіркелген. Осыған байланысты тапсырыс беруші мен мердігер мекемеге ескерту хат жолданды.
Қазіргі таңда 616-648 шақырым аралығында анықталған ақауларды жою жұмыстары басталды. Мердігер «ЛЯНКЯРАН ЙОЛ ТИКИНТИ» ААҚ филиалы жолдың отырған учаскелері кесіліп алынып, орнына жаңа асфальтбетон қабаты төселуде.
Филиалдың бөлім бастығы Нұрлан Жантуриннің айтуынша, барлық құрылыс процесі кезең-кезеңімен бақылауға алынған:
«Жол сапасына қатысты анықталған кемшіліктер бойынша мердігер мекемеге нақты тапсырмалар берілді. Қазіргі таңда кемшіліктерді түзету жұмыстары жүріп жатыр. Біздің мамандар жолдың әр учаскесін бақылауда ұстайды».
Атырау-Астрахань тас жолын қайта жаңғырту жұмыстары бірнеше кезеңнен тұрады. Жоба толық аяқталған соң өңірдегі транзиттік тасымалдың сапасы артып, көлік қозғалысы жеңілдейді деп күтілуде.

- Автор: Сайт әкімшілігі
- Категория: Өзекті
- Read Time: 1 min
- 659
Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжановтың қатысуымен Атырау облысының 2025–2026 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығына арналған жиын өтті.
Жиында аймақтың әлеуметтік нысандарын, инженерлік инфрақұрылымын және энергетикалық жабдықтарын қысқы маусымға уақтылы дайындау мәселелері қаралды.

- Автор: Сайт әкімшілігі
- Категория: Өзекті
- Read Time: 1 min
- 1067
Атырау қаласының оң жағалауында орналасқан №5 су сүзгі станциясының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жобаның мақсаты – Жайық өзенінен алынған суды сапалы тазартудан өткізіп, қала тұрғындарын қосымша ауызсумен қамтамасыз ету,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі .

- Автор: Сайт әкімшілігі
- Категория: Өзекті
- Read Time: 1 min
- 1066
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы ауданда да жүйелі жүзеге асып жатыр. Бұл жолғы басты мақсат – су арналары мен қоймаларын тазалау, арналарды тереңдету арқылы ауыл шаруашылығына қажетті инфрақұрылымды қайта жандандыру, экологиялық тепе-теңдікті сақтау.

- Автор: Сайт әкімшілігі
- Категория: Өзекті
- Read Time: 1 min
- 1202
Қазақстан Республикасы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің құрылымында Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық жұмысын бастайды.