Қоғам
- Автор: Бекарыс
- Категория: Қоғам
- Read Time: 1 min
- 60
Мұнайлы өлкеде «Шығыс пен Батыс тоғысқан Сарайшық: Ұлы даладағы тарих және мәдениет» атты халықаралық ғылыми симпозиум өтуде. Айтулы шарада Сарайшық қалашығын дамыту жайы кеңінен қозғалды.
ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықовтың айтуынша, ғылыми-зерттеу және насихаттау мақсатында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылған болатын. Қалашықтың шайылу қаупіне қарсы Жайық өзенінің жағалауында инженерлік бекіту шаралары жүргізілген.
-Ортағасырлық Сарайшық қалашығын дамыту жобасының тұжырымдамасы және оны жүзеге асыруға бағытталған 2023-2027 жылдарға арналған жоспар қалыптасты. Ортағасырлық Сарайшық қалашығының объектілерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстары мен көне қалашықтың инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ «Сарайшық» сапар орталығы салынып, жаңа экспозициялық залдар жасақталды. Оған қоса республикалық маңызы бар ескерткіште жыл сайын археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге қол жеткізілді. Қазбалар жаңа әдістемелермен, заманауи технологиялармен жалғасуда.

Жайық өзенінің жағасында орналасқан көне Сарайшық қаласы – Шығыс пен Батысты, түрлі өркениет мен мәдениетті тоғыстырған аса маңызды тарихи орталықтардың бірі. Бұл қасиетті мекен ғасырлар бойы Ұлы дала тарихының куәсі болып, Еуразия кеңістігіндегі саяси-экономикалық және рухани өмірдің өзегіне айналды.
Жошы Ұлысының, Ноғай ордасының және Қазақ хандығының астанасы болған Сарайшықты қайта жаңғырту жұмыстарын табысты жүзеге асыру үшін халықаралық ынтымақтастық қажет. Бұл ретте жүргізілген жұмыстар Сарайшықтың жаһандық деңгейде зерттеліп, кеңінен танылуына мүмкіндік береді,-дейді ол.

Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев атап өткендей, еліміздің батыс өңіріндегі ең ірі ортағасырлық ескерткіш Сарайшық қаласын сақтау, зерттеу және туризимдік орталыққа айналдыру бағытындағы жұмыстар тұрақты жүргізілуде.
-Сарайшық қалашығын Жайық өзенінің тасуынан сақтап қалу үшін ұзындығы 1,5 шақырым, биіктігі 3,6 метр болатын қорғаныс бөгеті салынды. Қалашыққа археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 2017 жылдан бері облыстық бюджет есебінен тұрақты қаржы бөлініп келеді. 2023 жылы «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының сапар орталығының құрылысы аяқталып, ескерткіштің туристік орталыққа айналуына жол ашылды. Сондай-ақ, облыс тарапынан музей-қорықтың материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында да жұмыстар атқарылып келеді,-дейді Жасұлан Орақұлы.
Шығыс пен Батысты тоғыстырған ортағасырлық Сарайшық қалашығының тарихи, саяси және мәдени маңызын жан-жақты зерттеу, оны жаңғырту және ғылыми айналымға енгізу бағытында жаңа тұжырымдар ұсынуды мақсат еткен ауқымды шараға Түркия, Ресей елдерінің ғалымдары мен тарихшылары, археологтар қатысып, ойларын ортаға салды.

Айбөпе САБЫРОВА
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ
- Автор: Бекарыс
- Категория: Қоғам
- Read Time: 1 min
- 55
АСТАНА. KAZINFORM — Биылғы жылы 5000-ға жуық колледж қызметкері «Talap» КеАҚ ұйымдастырған заманауи педагогикалық құралдарды енгізу, білім беру процесін цифрландыру және тәжірибеге бағытталған оқытуды күшейту бағытында біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оның ішінде 4500 педагог пен 580 колледж директоры қамтылды.
Курстар 11 бағыт бойынша жүргізілді, оның ішінде IT, электр энергетикасы, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тігін және дәнекерлеу өндірісі, автомобиль көлігі мен қоғамдық тамақтану салалары бар.
— Колледж директорлары мен олардың орынбасарларының біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Оқыту бағдарламалары басқарушылық құзыреттерді дамытуға, бизнес-процестерді тиімді басқаруға және колледждердің цифрлық трансформациясына бағытталды, — деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
Педагогтер еліміздің жетекші өндірістік алаңдарында ұйымдастырылған тағылымдамада өз білімдерін жетілдіріп, салалық озық тәжірибелерді меңгерді.
Айта кетелік 2026 жылғы ҰБТ-ның шекті балдары белгілі болды.
- Автор: Бекарыс
- Категория: Қоғам
- Read Time: 1 min
- 53
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада «Үздік-2025» жобасы аясында қалалық «Үздік шаштараз» байқауы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты
Астана әкімдігі
«Үздік-2025» жобасы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізіліп, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға және жастардың кәсіби әлеуетін ашуға бағытталған. Байқау барысында шаштараздар тек өз шеберлігін емес, сондай-ақ мінезін, стилін және адамның көңіл күйімен жұмыс істей білу қабілетін көрсетті.
— Шаштараздың жұмысы нәзік талғамды, талантты және адамдарға мұқият қарым-қатынасты талап етеді, — деді қатысушылардың бірі.
— Біз өте жоғары дайындық деңгейін көрдік. Жас шеберлер батылдық, креативтілік және өз кәсібін терең меңгергенін көрсетті. Біздің мақсат — тек үздікті анықтау емес, жастарды өздерін дамытып, күшіне сенуге шабыттандыру. Жалпы, Жұмысшы мамандықтар жылы аясында елордада 15 байқау өткізу жоспарланған. Барлық іс-шараның қорытындысы ай соңында жарияланады, — деді орталық маманы Алуа Балтабаева.
Бұл кең ауқымды бағдарлама жас мамандарды қолдауға, олардың жаңа мүмкіндіктерін ашуға және қазіргі қоғамдағы жұмысшы мамандықтардың маңызын атап өтуге бағытталған. Байқау тәжірибе алмасудың, тың идеялар мен шығармашылық шешімдердің алаңына айналды.
Осыдан бұрын Астанада жасанды интеллектінің көмегімен жасалған алғашқы спектакль қойылғанын жазғанбыз.— Шаштараздың жұмысы нәзік талғамды, талантты және адамдарға мұқият қарым-қатынасты талап етеді, — деді қатысушылардың бірі.
- Автор: Бекарыс
- Категория: Қоғам
- Read Time: 1 min
- 52
Семей қаласы №51 «Келешек мектебінде» оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту мақсатында STEM бағыты негізінде EcoBox жобасы жүзеге асырылды. 6–7 сынып оқушылары пластик бөтелке қақпақтарын жинап, оларды қайта өңдеу арқылы мектеп дәлізіне арналған экоқоқыс жәшігін дайындады.
Жұмыс барысында оқушылар пластиктің қасиеттерін зерттеп, жәшік макетін жасап, қақпақтарды біріктіру тәсілдерін тәжірибеде меңгерді. Сонымен қатар жәшіктің өлшемдері мен пішіндік пропорцияларын есептеп, STEM бағыттарының (Science, Technology, Engineering, Mathematics) негізгі элементтерін қолданды.
Оқушыларға идея республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында келді. Балалар айналадағы пластик қалдықтарының қаншалықты көп екенін түсінген. Оқушылардың айтуынша: «Әр жиналған қақпақ – таза елге қосылған бір кішкентай қадам».
Оқушылар шамамен 2100 қақпақ пайдаланған. Дайын EcoBox мектеп ішінде орнатылып, пластик қалдықтарды сұрыптап жинауға мүмкіндік беріп отыр.
Алдағы уақытта мектеп ұжымы қақпақтардан EcoBench (экоорындық) жасау, мектеп ауласын экологиялық материалдармен абаттандыру және «STEM EcoLab» бұрышын ашып, тәжірибелік экожобаларды кеңейту бойынша жұмысты жоспарлап отыр.
- Автор: Бекарыс
- Категория: Қоғам
- Read Time: 1 min
- 57
Жастарды және жоғары оқу орындарының бітіруші түлектерін мемлекеттік қызметке тарту мақсатында Департамент тұрақты түрде ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.
Осы бағытта Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Айнагүл Қақиева Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Экономика және құқық» факультетінің студенттерімен кездесіп, «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» тақырыбында дәріс өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметтің мәні мен маңызы, мемлекеттік қызметшінің қоғамдағы рөлі, сондай-ақ мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі туралы кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, Департамент жанынан құрылған «Мемлекеттік қызмет мектебінің» жаңа оқу айналымына қабылдау басталғаны хабарланып, жоғары курс студенттері белсенді қатысуға шақырылды.
Кездесу соңында студенттер мемлекеттік қызметке кіру үдерісіне қатысты нақты ақпарат алып, мемлекеттік қызметтің кәсіби және әлеуметтік мүмкіндіктері туралы жан-жақты мағлұматқа ие болды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті


