«Жыл белсендісі - 2019» байқауына өтініш қабылдау басталды

(0 Votes)

Облыстық «Жыл белсендісі - 2019» байқауына өтініш қабылдау басталды. Байқауға әлеуметтік, қоғамдық проблемаларды шешуге және өздерінің жомарттығымен қайырымдылыққа үлес қосып жүрген азаматтар, қоғамдық бірлестіктер және еріктілер тобы қатыса алады.

Байқаудың мақсаты – облыстағы белсенді азаматтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, әлеуметтік кәсіпкерлердің жетістіктерін насихаттау, әр бағыт бойынша жыл үздігін анықтау.

Үздіктер бес номинация бойынша анықталады:

- «Үздік ҮЕҰ» ;

- «Қоғам белсендісі» ;

- «Үздік әлеуметтік кәсіпкер» ;

- «Үздік еріктілер тобы» ;

- «Үздік аудандық ҮЕҰ» .

Әр номинация бойынша жеңімпаздарға 200 мың теңге сыйақы табысталады.

Өтінімдер 10 желтоқсанға дейін қабылданады. Байқаудың ұйымдастырушысы - Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы.

Қосымша ақпаратты npoatyrau.kz сайтынан алуға болады

 

 Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521