Әлеумет
- Автор: Сайт әкімшілігі
- Категория: Әлеумет
- 223
Елімізде ішкі істер органдарын жаңғырту аясында жүзеге асырылып жатқан «Адал полицей» республикалық бастамасының маңызы зор. Бұл жоба полиция қызметінің ашықтығын арттыруға, қоғам тарапынан сенімді нығайтуға және азаматтармен тиімді кері байланыс орнатуға бағытталған.
- Автор: Сайт әкімшілігі
- Категория: Әлеумет
- 494
Туризм және спорт министрлігі 2026 жылға арналған мәдени-туристік оқиғалар күнтізбесін дайындады. Құжатта еліміздің 20 өңірінде өтетін 55 ірі іс-шара қамтылған.
Күнтізбе ішкі туризмді насихаттауға, туристік бағыттарды кеңейтуге және өңірлік брендтерді дамытуға бағытталған. Іс-шараға мәдени, этномәдени, спорттық, гастрономиялық және экологиялық бағыттағы түрлі оқиғалар енгізілген. Бұл туристерге жеке қызығушылықтары мен маусымдық ерекшеліктерін ескере отырып, сапар бағыттарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.
Жоспарланған бастамалардың басым бөлігі жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Мұндай іс-шаралар өңірлерге деген қызығушылықты қалыптастырып, оқиғалар күн тәртібінің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жобалардың көпшілігі бизнес өкілдерінің қатысуымен немесе демеушілігімен ұйымдастырылады. Бұл оқиғалы туризмді бюджетке қосымша салмақ түсірмей дамыту қағидатына сай келеді.
Туристерге ыңғайлы болу үшін туристік күнтізбе енгізілген www.event.qaztourism.kz веб-ресурсы әзірленді. Платформа арқылы іс-шараларды күні, өңірі, санаты және ауқымы бойынша ыңғайлы әрі жедел таңдауға болады.
2026 жылға арналған күнтізбе – Мемлекет басшысының 2025 жылғы 14 наурызда Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмаларын іске асыру аясындағы қадамдардың бірі. Бұл бастама оқиғалы туризмді жүйелі дамытуға, өңірлердің туристік бірегейлігін нығайтуға, қолайлы цифрлық шешімдер қалыптастыруға және Қазақстан бойынша саяхаттардың тартымдылығын арттыруға бағытталған.
- Автор: Сайт әкімшілігі
- Категория: Әлеумет
- 1280
Бүгінде қоғамды алаңдатып, жұртшылықты толғантып отырған өзекті де күрделі мәселенің бірі — еліміздің, қала берді өңіріміздің құрылыс нысандарында өндірістік жарақаттанудың алдын алу және жүк көтергіш механизмдердің (мұнара крандары) операторларының тарапынан орын алатын өлім жағдайларын азайту, мүмкіндігінше оған жол бермеу болып табылады. Бұл мақсатта қандай нақты шаралар алынып, жүзеге асырылуда? Атап айтқанда, жүк көтергіш механизмдерде жұмыс істеу кезінде қызметкерлердің қауісіздігі қалай сақталуда? Осы сауалдар төңірегінде түсінік беру үшін Атырау облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Сырым Жаймағамбетовті әңгімеге тартқан едік.
- Автор: Сайт әкімшілігі
- Категория: Әлеумет
- 1328
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – еліміздегі экологиялық ахуалды жақсарту, табиғатты қорғау және тұрғындардың экологиялық санасын арттыруға бағытталған маңызды бастама.
- Автор: Сайт әкімшілігі
- Категория: Әлеумет
- 1303
Атырау қаласында қоқыс алаңдарын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қаладағы 100 нүктеде орналасқан алаңдар жаңартудан өтуде.



