baner

Бақпаса, мал кетеді

(0 Votes)

Қазақстанда мал ұрлығын ауыр қылмыс түріне жатқызу көзделіп отыр. Елде мал ұрлау қылмыстарының жартысына жуығы ашылмайды.

Аудан аумағында мал ұрлығының алдын алу, мал ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтау, оларды ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында, меншікке қарсы жасалатын қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының алдын-алуға түсіндірме жұмыстары жүргізу үшін, аудандық  ІІБ-мен 2020 жылдың қаңтарында тұрғындарымен 5 кездесу өткізілгеніне қарамастан, 2 рет мал жоғалу оқиғасы тіркелді.

Аудан көлемінде мал ұрлығы қылмыстарының орын алу себептерінің бірі, мал иелерінің өз малдарын тиісті деңгейде қарамауынан болып отыр. Мал иелері жайылып жүрген малдарын қарайтын бақташы ұйымдастырмай отыр. Соның кесірінен өрісте, жайылымдарда жүрген малдардың кері оралмай, жоғалу оқиғалары орын алуда. Жоғалған немесе ұрланған малдың таңбалары және биркалары жоқ болып шығады.Сөйтіп,  малдарды іздестіру жұмысына кедергі келтіреді.

Сол себепті ауданда мал ұрлығы оқиғасын азайту мақсатында  үйлерінде мал ұстап, малдарын өріске жібергенде сенімді  бақташы сайлап, оның жұмысын қадағалауға алу сұралады. Ал, шаруа қожалығы иелері немесе үйде мал ұстаушылар малдарын таңбалауды, сырғалауды жүргізу қажет.

Р.Мажитов,

аудандық ПБ бастығының

міндетін атқарушы

полиция майоры

Мақат тынысы

COVID 19

covid