baner

«Татулықты жоғары бағалаймын»

(0 Votes)

Көктемнің алғашқы күні «Алғыс айту» күні болып белгіленді. 

Алғыс айту күні – ең алдымен тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған. Ризашылық білдіру, алғыс айту – жалпы адамзат өркениетінің жеке адам мәдениеті мен адамгершіліктің ең бір асыл көрінісі.

Сұрапыл соғыс жылдарда Қазақстанға 1,5 милионнан астам өзге ұлт өкілдері қоныс аударған. Татулықтың түтінін түтетіп отырған олар байтақ қазақ жері мен дархан қазақ халқына алғыс айтуды терең тағзымының белгісі санайды.

Мақат кентінде туып-өскен Владимир Кочетков бұл жерден алысқа ұзап кетпейтінін айтып, қазақ халқына ризашылығын білдірді.

Оның ата-анасы  қазақ еліне, оның ішінде Мақат кентіне жұмыс бабымен Бугульма қаласынан 1970 жылы  қоныс аударған. Аудан орталығында әкесі Юрий Кочетков теміржолшы болса, анасы Кочеткова Елена  осы саласында көп жылдар бойы бас есепші болып қызмет атқарған. Жұмыс орнынан пәтер беріліп, бүгінгі таңда ұлы Владимир  отбасымен сол шаңырақта  тұрып жатыр. Ұлты - орыс. Ол Алматы қаласында Қазақ қатынас жолдары университетінен көлік техникасы және технологиялары  мамандығы бойынша жоғары білімін жетілдіріп,  теміржолшы болып қызмет атқарған. Осы уақыт аралығында түрлі салада қызмет атқарып, таным көкжиегін кеңейтті. Қазақ, түрік тілдерін жетік меңгерген Владимир 2016 жылы Жанат ханыммен отбасын құрады. «Мейірімділік тек туған анаң мен туған жерде бар. Біз осы тыныштығымызды, достығымызды, татулығымызды бағалауымыз керек. Осы елде туып-өскенім үшін алғысым шексіз. Шыдамды, достыққа берік, қонақжай Қазақстанға басымды иемін», - дейді Владимир.

А.ТАУМҰРЫНОВА

 

Мақат тынысы

COVID 19

covid